USD
USD
USD

Ресейге қарсы санкция Қазақстан мұнайына әсер етпейді

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық мұнайдың басқа мемлекеттер аумағы арқылы транзитіне әсер етпейтінін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресейге қарсы санкция Қазақстан мұнайына әсер етпейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақстан мұнайы басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен өтсе де, санкцияларға жатпайды", - деді Қарабаев сейсенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, мұнай сатып алушылармен көптеген түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

"Әзірге мұнайымызды сатуда еш қиындық көрген жоқпыз", - деп қосты Қарабаев.

"ҚазМұнайГаз" – мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүддесін білдіретін көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы.

Қазір оқып жатыр

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер