Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейге ең ауыр санкция дайын

АҚШ-тың Халықаралық қатынастар жөніндегі Сенат комитеті алдағы аптада Америкада өткен президент сайлауына араласқаны үшін және Украинаға қарсы агрессиялық күш қолданғаны үшін Ресейге жаңаша қатаң санкция салатын заң жобасына дауыс береді.

Ресейге ең ауыр санкция дайын
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республикашылдар басқаратын комитет 11 желтоқсанда «Америка қауіпсіздігін Кремль агрессиясынан қорғау туралы» деп аталатын заң жобасын қарастырады. Аталмыш жобада – шет елдерде өтетін сайлауларға араласатын ресейлік банктер, РФ киберсекторы, мемлекеттік жаңа қарыздар мәселесі, Ресей президентінің атынан тікелей немесе жанама заңсыз істер мен сыбайлас әрекет ететін кісілерге қарсы бағытталған.

Сондай-ақ, бұл заң жобасы қабылданған жағдайда Ресей қазынасына 40% кіріс кіргізіп тұрған мұнай-газ өндіру мен оған қажетті тауарларды қамтамасыз ететін, қызмет көрсету және мұнай өндіру жұмысын дамытатын экономикалық маңызды салаға ауыр соққы болмақ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев