USD
USD
USD

Ресейге Беларусь қарулы күштері көмектесіп жатыр

Бейсенбі 24 ақпан күні сағат таңғы 05:00 шамасында Украинаның Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен жақын аудандағы мемлекеттік шекарасына ресейлік әскерилердің шабуылына Беларусь әскерлері қолдау көрсеткен. Бұл туралы Украинаның шекара қызметі мәлімдеді.

Ресейге Беларусь қарулы күштері көмектесіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәліметке сүйенсек, шекара бөлімшелеріне, шекаралық техника мен бақылау бекеттеріне шабуыл артиллерия, ауыр техника және атыс қаруын қолдану арқылы жүзеге асырылған. 

Бұл Луганск, Сумы, Харьков, Чернигов және Житомир облыстарында болып жатқан жағдай. Сонымен қатар шабуыл Қырым автономдық республикасында да болып жатыр.

Сондай-ақ қарсыластың диверсиялық-барлау топтарының жұмысы бекітілген.

Украина тарапы шекаралас аймақтардағы жағдайға байланысты шекарашылар Украина қарулы күштері мен Украина ұттық гвардиясымен бірлесе отырып, жауға қарсы оқ жаудырып жатқанын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік