USD
USD
USD

Ресейге 500 тонна бензинді заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды

Павлодар облысында жанар майды Ресейге тонналап сатушылар ұсталды.

Ресейге 500 тонна бензинді заңсыз тасымалдамақ болғандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облысында 480 тонна жанар-жағармайды "еріткіш" ретінде Ресейге шығармақ болғандар ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті 480 тоннадан астам АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан Ресейге заңсыз тасымалдамақ болғандардың жолын кесті.

Тергеу барысында бензинді "еріткіш" түрінде теміржол цистерналары арқылы тасымалдау жоспарланғаны анықталды. Бензинді сату келісімшартының жалпы сомасы 2,8 миллиард теңгені құрайды.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігі. Агенттік мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күресті жалғастырады.

Еске салсақ, Қазақстан бензин мен дизельді отынды автокөлікпен ел аумағынан шығаруға тыйым салды. Шектеу алты ай бойы күшінде болады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе