USD
USD
USD

Ресейдің жаңа мәдениет министрінің балағат сөз жазылған кеудешемен түскен суреті жария болды

Әлеуметтік желілерде Ресейдің жаңа мәдениет министрі Ольга Любимованың жеке басы қызу талқыға түсті.

Ресейдің жаңа мәдениет министрінің балағат сөз жазылған кеудешемен түскен суреті жария болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Интернет қолданушылары мәдениет министрінің былапыт сөз жазылған кеудешені киіп түскен суретін жариялаған. Драматург Николай Коляда  «Ол жақсы министр болады», - деп мысқылдап пікір қалдырыпты. Любимованың кеудешесіндегі жазулар бір кездері интернетте кең тараған әзілмен байланысты. Әлеуметтік желілерде хит болған бейнежазбада терезесінен басын шығарған ер адам шақырылмаған қонақтарды боғауыз сөзбен сыбайды.

Ольга Любимова М.С. Щепкин атындағы Жоғарғы театр училищесінің ректоры  Борис Любимовтың қызы болып келеді. 2018 жылдан бері ол Ресейдің мәдениет министрлігінің кино департаментін басқарған. Мұндайда халық «Қараушысы қандай болса, қауымы да сондай болады» деуші ме еді?

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.