USD
USD
USD

Ресейдің Саратов әскери институтында қазақстандық курсант өз-өзіне қол жұмсады

19 ақпанда Саратовтағы Ресей Ұлттық гвардиясының Қызыл Ту атындағы әскери институтында 19 жастағы қазақстандық курсант өз-өзіне қол жұмсады.

Ресейдің Саратов әскери институтында қазақстандық курсант өз-өзіне қол жұмсады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиғаға дейін жас жігіттің Калашников автоматымен кезекшілікте болған. 

«Кезекші бөлімшеге алдымен автоматтар мен оқ-дәрілер берілді, содан кейін олар қару-жарақ қоймасының алдында сапқа тұрады, содан кейін курсанттар  автоматтар мен оқ-дәрілерді тапсыруы керек болған. Алайда курсанттардың бірі қайтып келмеген. Ол командирлердің бақыламаған сәтін пайдаланып, берілген атыс құралымен киім кептіретін бөлмеге кіріп, өзіне қол жұмсаған», - делінген хабарламада.

Марқұмның үшінші курста оқығаны белгілі болды.

Росгвардия әкімшілігінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей