Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейдің қара теңіздегі әскери кемесінде өрт шықты

Ресей қарулы күштерінің Қара теңізде жүрген «Мәскеу» кемесінде өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейдің қара теңіздегі әскери кемесінде өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, от оқ-дәрі тұрған бөліктен тарап, крейсерге едәуір залал келген. Кеме экипажы толық эвакуацияланған. Өрттің себептері анықталып жатыр.

Бірақ Одесса облысының әскери әкімшілігінің басшысы Максим Марченко ресейлік кеме Украина күштерінің «Нептун» зымырандарымен атқылаған соң зақымданданғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, «Мәскеу» крейсері Ресейдің Қара теңізі флотындағы басты кеме болатын. 

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап