USD
USD
USD

Ресейдің халық әртісі Александр Градский қайтыс болды

Әнші және композитор, Ресейдің халық әртісі Александр Градский 72 жасында қайтыс болды.

Ресейдің халық әртісі Александр Градский қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 27 қарашада Градский инсульт күдігімен ауруханаға түскені белгілі болды. Ақпарат бойынша, музыкант қыркүйекте коронавирус жұқтырып, ауырып шыққанан кейін денсаулығы сыр бере бастаған. 

"26 қарашада, жұмада Градский жақындарынан жуынатын бөлмеге жетуге көмектесуін өтінген. Осы сәтте жағдайы нашарлап, музыкант талып қалып, бір сағат есін жия алмаған", - делінген хабарламада. 

Александр Градский кеңестік және ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ақын және композитор. Ол орыс рок стилінің негізін қалаушылардың бірі. Сонымен қатар, әнші бірнеше жыл "Ресей дауысы" музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысып жүрген. 3 қарашада Градский 72 жасқа толды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе