USD
USD
USD

Ресейдің Ейск қаласындағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артты

Кеше түнде Ресейдің Краснодар өлкесінің Ейск қаласында әскери ұшақ апатқа ұшырады.

Ресейдің Ейск қаласындағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зардап шеккендер саны туралы жаңартылған мәліметтерді Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Қазір апат болған жерде төтенше жағдай жарияланды.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ейскідегі ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 13 адамға жеткен.

Краснодар өлкесінің Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram каналында өрттің толық сөндірілгені хабарланды. 

"Ейск қаласындағы көпқабатты үйдегі өрт толығымен сөндірілді. 250 адам эвакуацияланды, оның ішінде 40 бала бар. Барлығы алты қонақүй мен 500 орындық пансионаттарға орналастырылды", - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Ертісбаевты еске алғым келмейді – Магеррамов

Магеррам Магеррамов

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева