USD
USD
USD

Ресейдің басқыншылығы мен Путинді қолдаған депутат партиядан шығарылды

«Ақ жол» демократиялық партиясы ұлттық кеңесі Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтің мәселесін қарады. 

Ресейдің басқыншылығы мен Путинді қолдаған депутат партиядан шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті.

Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты  А.Әбілдаевтың  журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді.

Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да  бұзып тұрғанына баса назар аударды.

Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, “Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.

А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады.

Осыған байланысты А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады. 

Қазір оқып жатыр

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов