USD
USD
USD

Ресейдің әскери генералы үндеу жасады: Әлі кеш болмай тұрғанда тоқтаңыздар!

24 маусымда РФ Біріккен әскери күштер тобы қолбасшысының орынбасары - армия генералы Сергей Суровикин "Вагнер" ЖӘК басшылығына, командирлеріне және жауынгерлеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейдің әскери генералы үндеу жасады: Әлі кеш болмай тұрғанда тоқтаңыздар!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Видео үндеу Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram арнасында жарияланды.

"Мен жаңа ғана Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің бұйрығымен біздің әскеріміз, командирлеріміз, сарбаздарымыз, жауынгерлеріміз, еріктілеріміз тапсырманы орындап, жаумен алысып, бетпе-бет күресіп жатқан, өз позициясын сақтап тұрған алдыңғы шептен оралдым", –дейді Сергей Суровикин.

Одан ары қарай ол"Вагнер" ЖӘК басшылығына, командирлеріне және жауынгерлеріне сөз арнады.

"Біз өздеріңізбен бірге қиын жолдан өттік, өздеріңізбен бірге соғысып, тәуекелге бас тіктік, шығынға ұшырадық, бірге жеңдік. Біз бір қаннан жаратылғанбыз, біз - жауынгерлерміз. Өздеріңізге тоқтаңыздар деймін. Жау тек ішкі саяси жағдайдың шиеленісуін күтіп отыр. Ел үшін қиын-қыстау уақытта жауға жаулық болмайық"", –дейді Сергей Суровикин.

Армия генералы барлық мәселелерді тек бейбіт жолмен шешу керек екенін атап өтті.

"Әлі кеш болмай тұрғанда сабырға келейік, Ресей Федерациясының жалпыхалықтық сайланған Президентінің еркі мен бұйрығына бағынайық, әскери коллонаны тоқтатып, оларды тұрақты орналасу орындары мен шоғырлану аймақтарына қайтарайық, барлық мәселені тек Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының басшылығымен бейбіт жолмен шешейік", – деп сөзін қорытындылады Сергей Суровикин.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағылар әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламалардан кейін белгілі болды.

Ресей астанасында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвесиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов