USD
USD
USD

Ресейдің 74 аймағынан шошқа тұмауы анықталды

Ресейдің 74 аймағында «шошқа тұмауы» анықталды, деп хабарлады Роспотребнадзордың баспасөз қызметі.

Ресейдің 74 аймағынан шошқа тұмауы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресейде ЖРВИ және тұмаумен ауыру көрсеткіші бір аптада 23,3%-ға өскен. Сонымен қатар, 2022 жылдың 48-ші аптасында COVID-19-дың 43,4 мың жағдайы тіркелді, бұл 47-ші аптамен салыстырғанда 11,6%-ға көп.

«Аурудың артуы 57 аймақта, соның ішінде Мәскеу, Мәскеу облысы және Санкт-Петербургте тіркелді», - деп хабарлады Роспотребнадзор.

Қараша айының соңында Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко шошқа тұмауы (H1N1) биылғы маусымда белсенді түрде тарала бастағанын, сондықтан вакцинацияның маңызы зор екенін атап өткен. Сонымен қатар, алты айдан астам уақыт бұрын коронавирусқа қарсы екпе алғандар қайта вакцинациялануы керек екенін ескерткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда алтын өндіру көлемі 11%-ға азайды

алтын өндірісі

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы