USD
USD
USD

Ресейден Қазақстанға астық пен қанттың ірі партиясы кіргізілмеді

 Самара кеденшілері Қазақстанға 488 тоннаға жуық бидай мен 67 тонна түйіршіктелген қантты жібермеді.

Ресейден Қазақстанға астық пен қанттың ірі партиясы кіргізілмеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ресейдің Федералдық кеден қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Самара кеденшілері Қазақстанға теміржол арқылы 488 тоннаға жуық бидай мен 67 тонна қантты заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті», делінген хабарламада. Хабарламада көрсетілгендей, Орынбор облысының Илецк-1 теміржол станциясында кеденшілер тасымалдауға тыйым салынған жеті вагон астық пен бір вагон қантты тапты. Тауар жіберушіге қайтарылмақ.

15 наурыздан бастап дәнді-дақылдар мен қантты Ресейден экспорттауға тыйым салды. Астықты әкетуге салынған тыйым 2022 жылғы 30 маусымға дейін, қантқа – 2022 жылғы 31 тамызға дейін қолданылады. Самара кедені шектеулер енгізілгеннен бері рұқсатсыз жүк тасымалдаған 21 жүк көлігін анықтады. Оның ішінде 20 тонна арпа, 26 тонна тұрмыстық техника, 7,5 тонна автокөлік бөлшектері, 36 тонна трансформаторлар мен олардың құрамдас бөліктері, қоғамдық тамақтану орындарының технологиялық жабдықтары бар екен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру

Атыраулық жастарға Президенттің кітабы тарту етілді

Президент кітабы

Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқаратын болды

Шыңғыс Әрінов