USD
USD
USD

Ресейден қару тасыған қылмыстық топ ұсталды

Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейден қару тасыған қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысында Ресейден атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар этникалық қылмыстық топтың жолын кесті. 2020 жылғы 27 ақпанда ҚР ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі мен Полиция департаментінің «Арлан» арнайы бөлімшесінің күштері мен құралдарын тарта отырып, операция жүргізу барысында трансұлттық қылмыстық топқа қатысушылар ұсталды», - делінген бейсенбідегі хабарда.

Ведомствода атап өткендей, көпкезеңді жедел зерттеу барысында ұлттық қауіпсіздік органдары қару контрабандасын ұйымдастырушылардан барлығы 11 «Макаров» пистолетін және оларға 1300-ден аса патрон алды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарда.

Қазір оқып жатыр

Ұлттың өркендеуі жеке бастың мәдениетімен тікелей байланысты – Ерлан Қарин

Конституция жобасын талқылау

«Ұмай» әйелдер ипотекасы конкурссыз берілмек

Ұмай

Никол Пашинян тамызда Армения үкіметі отставкаға кететінін мәлімдеді

Никол Пашинян

Қазақстанда алаяқтық күдігімен Кореяның 14 азаматы ұсталды

алаяқтық