USD
USD
USD

Ресейдегі референдум

Бүгін Ресей тұрғындары президент Владимир Путиннің жаңа мерзімге сайлануына мүмкіндік беретін Конституцияға енетін өзгеріске дауыс беруді бастады.

Ресейдегі референдум
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресейліктер 1 шілдеге дейін өз таңдауын жасай алады.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты сайлау учаскелерінде адам көп жиналмас үшін дауыс беру процесі жеті күнге созылған.

«Настоящее время» арнасының хабарлауынша, Ресейде – 96,5 мыңнан аса, 144 елде 254 сайлау учаскесі ашылған.

Тұрғындар сайлау учаскесіне барып дауыс бере алады.

Сондай-ақ, қашықтан және «мобильді сайлаушы» механизмі арқылы дауыс беруге мүмкіндік бар.

Елде күн сайын 7 мыңнан астам адам індет жұқтырып жатқан шақта референдумның өтуі ақ халаттыларды алаңдатқан болатын.

Дәрігерлердің көңілін жайландыру үшін ел билігі қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуге уәде берді.

Егер ресейліктердің басым бөлігі Конституцияға енгізілген өзгерісті қолдаса, елдің қазіргі президенті 67 жастағы Владимир Путин 2036 жылға дейін мемлекетті басқару мүмкіндігіне ие болмақ.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу