USD
USD
USD

Ресейдегі қазақстандық студенттер елге оралуда

Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер елге оралуда. Бұл туралы Қазақстан Елшілігінен мәлім етті. 

Ресейдегі қазақстандық студенттер елге оралуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 21 сәуір күні таңертең Мәскеудегі ҚР Елшілігі ғимаратының алдынан бес автобус жолға шықты. Коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық рейстерге шектеу енгізілмей тұрып Ресейден шығып үлгермеген 250-ден астам қазақстандық студент елге оралады.

«Автобусқа отырғызылмас бұрын барлығының дене қызуы өлшенді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының және РФ-дағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлерінің ілесуімен, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, автобустар қазақ-ресей шекарасына қарай бет алды. Одан өткеннен кейін Орск және Әлімбет өткізу бекеттерінде жастарды Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері күтіп алады. Барлығынан коронавирусқа тест алынатын болады», - делінген мәліметте. 

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті