Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейдегі қандастардан гуманитарлық көмек келді

Атырауға Ресейдің Астрахань облысында тұратын қандастарымыздан 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейдегі қандастардан гуманитарлық көмек келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атыраулық волонтер Назгүл Нәжікенованың мәлім етуінше, гуманитарлық көмек Астрахань облысындағы «Жолдастық» қазақ мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Қандықов пен «Қазақ мәдениетін дамыту» қорының төрағасы Эдуард Ысқақовтың бастамасымен жиналған. Көрші елдегі қандастар Атыраудағы ауруханамен байланыс жасап, қажетті медикаменттер тізімін алған.

«Бүгін Атырау облыстық кардиологиялық орталыққа 20 мың медициналық маска, 500 литр жезинфекциялық сұйықтық, 1 мың инфузиондық система, 1 мың медициналық дәке, 300 қорғаныш костюмі, түрлі медикаменттерді тапсырдық», -деді волонтер Назгүл Нәжікенова.

Оның айтуынша, көрші елдегі қандастарымыздың бастамасына Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкин қолдау білдірген. Бұл игілікті іске Астраханьдағы чешен қоғамдастығының мүшелері де атсалысқан.

Қазір оқып жатыр

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат

Қазақстанда аукцион өткізу тәртібі өзгертілмек: кепілдік жарна құны қымбаттайды

Аукцион

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды: 75 мыңнан астам талапкер тегін білім алады

мемлекеттік білім гранты