USD
USD
USD

Ресейде жеке бункерлерге сұраныс артып жатыр

2022 жылы Ресейде жеке бункерлерге сұраныс артқан. Әсіресе, ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін жеке бункер сатып алушылар көбейген.

Ресейде жеке бункерлерге сұраныс артып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. BunkerHouse жобасының негізін қалаушы Никита Малежик 21 қыркүйектен кейін бункерлерге сұраныс 430%-ға өскенін айтты. Мұндай жағдай Ресей Украинаға басып кірген кезде болмаған. 

Қазір дүрбелең басылып, қызығушылық төмендеген. Десе де жеке бункер алуға ниетті адамдар бар көрінеді.

«Спецгеопроект» компаниясы бункерлер салуға өтініштердің шекаралас аймақтардан көптеп түскенін хабарлады. Кейбіреулері жертөлелерді арнайы жасақтап жатыр. 

Жеке бункердің ең төменгі құны 1 миллион рубльден басталады. Баға тұтынушының қалауына және олардың қаражатына байланысты қымбат болуы да мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов

Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Оқ

Тоқаев әскерге шақыру мен ант қабылдауды ерекше салтанатпен өткізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев