USD
USD
USD

Ресейде жаңа көліктердің сатылымы 83,5 процентке құлдырады

 Мамырдың қорытындысы бойынша Ресейде жаңа көліктердің саудасы 83,5 процентке төмендеп, антирекорд тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресейде жаңа көліктердің сатылымы 83,5 процентке құлдырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарапшылар бұған бағаның қымбаттауы себеп дейді. Оның үстіне Украинадағы шиеленіс салдарынан логистикалық қиындықтар туындаған. Сарапшылар ендігі сатылатын қолда бар жаңа көліктер әрі кетсе, қыркүйекке дейін ғана жететінін айтады. Олар сұмдықтың бәрі әлі алда дейді. Болжам бойынша жыл соңына таман Ресейде автодилер саны екі есе қысқаруы мүмкін. Қазір 3200-ден аса компания болса, биыл қыста соның тек бір жарым мыңдайы ғана қалады деген күдік бар. Өйткені Украинадағы қарулы қақтығысқа байланысты бірнеше автоконцерн елден кетті. Санкциялар салдарынан өндіріс тоқтады. Оның үстіне қосалқы бөлшектер де тапшы. 

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес