USD
USD
USD

Ресейде YouTube бұғатталуы мүмкін

Роскомнадзор Ресейде өткен аптада YouTube-ті бұғаттауы керек еді, бірақ Instagram-ның бұғатталуына байланысты шешім кейінге қалдырыдған болатын. Сондықтан бейнехостингке шектеу жақын күндері, бәлкім, бүгін де болуы мүмкін.

Ресейде YouTube бұғатталуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Келесі аптаның соңына қарай YouTube бұғатталады. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Осы аптада бұғатталуы керек еді, бірақ Instagram  бұғатталатын болғандықтан шешім кейінге қалдырылды", - деді дереккөз.

Сонымен бірге, ақпарат беруші бөгет бүгін де орын алуы мүмкін екенін айтты. Ведомство Роскомнадзордан ақпаратты растауды сұрады.

11 наурызда желі қолданушылары ресейліктерді зорлық-зомбылыққа шақыруға рұқсат бергендіктен, Ресейде Instagram-ға кіруге шектеу қойылды. 14 наурыздан бастап әлеуметтік желі толығымен бұғатталды. Наурыз айының басында Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа кіруді шектегеніне жауап ретінде Facebook-ті бұғаттады.

12 наурызда YouTube ресейлік мемлекеттік ақпарат құралдарын бұғаттай бастады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян