Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейде вирус өршіп кетті

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 7176 адам болса, науқастардың жалпы саны 606 881 адамға жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні жаңа коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жедел штабы мәлімдеді.

Ресейде вирус өршіп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәліметтерге сәйкес, бір тәуліктегі өсім 1,2%-ға төмендеп, рекордтық көрсеткіш көрсеткен.

Бұған дейін 1,3% деңгейінде болған. Қазіргі уақытта ем қабылдап жатқандар саны – 229546 адам. Коронавирусқа шалдығып, жазылып шыққандар саны өткен тәулікте 12 393 адамды құрады.

Бұл – инфекция басталған уақыт ішіндегі рекордтық көрсеткіш.

Деректерге сәйкес, барлығы 368 822 адам ауруханадан емделіп шыққан, бұл Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы санының 60,7% құрап отыр.

Бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар саны 154 адам, РФ-те жалпы инфекциядан 8513 адам көз жұмды. Бұл – Ресейде ауру жұқтырғандардың жалпы санының 1,4 пайызы.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА