Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейде вакцина алған тұрғындар саны 70% асты

«Moderna» препаратын өндіретін АҚШ фармацевтикалық компаниясы өздері әзірлеген вакцинаның тиімділігі екінші дозаны енгізгеннен кейін алты ай ішінде 93% деңгейінде сақталатынын хабарлады. Бұл аталмыш компания жүргізген алғашқы клиникалық зерттеулердің нәтижесінен төмен емес. Бастапқыда эпидемиологиялық тиімділік 94% деңгейінде болды, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.

Ресейде вакцина алған тұрғындар саны 70% асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Pfizer және BioNTech ресми түрде препараттардың тиімділігі екінші вакцинациядан кейінгі алты айда 84%-ға дейін төмендейтінін ресми мәлімдеді.

РФ вакцинация қарқынын арттыруда. Роспотребнадзордың хабарлауынша, Федерацияның 14 аймағында бірінші вакцинаны алған азаматтардың саны 70% жетті.

Кейбір өңірлерде ірі тұрғын үй кешендерінің ауласында вакцина көліктерінде көшпелі егу пункттері ұйымдастырылған. Тұрғындардың біраз бөлігін вакцинамен қамту үшін кешкілік уақытта жұмыстан қайтатын адамдарды екпеден тыс қалдырмау мақсатында дәрігерлер сол уақытта аулада екпе егу бойынша қызмет көрсетуді бастайды.

Адамдар мұндай әдістің өздері үшін өте ыңғайлы екендігін айтып, белсенділік танытуда. Қытай коронавирусқа қарсы вакциналар өндірісін ұлғайтуда және әлем елдеріне иммундауға арналған препараттың 2 миллиард дозасын жеткізеді. Аталған көлемдегі екпелерді Қытай осы жылдың ішінде ұсынуға ниетті.

Бұл туралы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин COVID-19 вакциналары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі халықаралық форумда айтты. ҚХР басшысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірлескен сатып алу және COVAX жобасы аясында вакцинаны тарату бойынша жаһандық жобасына 100 миллион доллар жіберу жоспарлары туралы да хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті