Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейде ұшақ құлады

Бейсенбі күні таңертең Ан-2 ұшағы РФ Магадан облысында әуе айлағына жедел қонды, себебі ол биіктікке көтеріле алмаған. Бұл туралы ТАСС Ресей ТЖМ Магадан облыстық бас басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Ресейде ұшақ құлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұшақ әуеге көтеріліп бара жатқан кезде құлады. Онда 14 адам болды», – деп хабарлады дереккөзі.

Облыс үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта 11 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған.

ТЖМ баспасөз қызметінің соңғы дерегі бойынша, оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнында денсаулық сақтау министрі Сергей Чеканов жүр. Барлық жолаушылар аман-есен, тек жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бір зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады.

«Жедел жәрдем қызметі кәсіби түрде тез жұмыс істеді. Ешкім қаза тапқан жоқ, балалар болмаған. Қатты зардап шеккен бір науқас бар, ол қазір шокқа қарсы палатада жатыр», – деп атап өтті Магадан облыстық денсаулық сақтау министрлігі.

Облыс билігінің алдын ала дерегі бойынша, ұшақ Магадан облысында Среднеканск қалалық округі аумағында жұмыс істейтін жеке компанияға тиесілі. Бортта вахтаға бара жатқан компания қызметкерлері болған. Ұшақ Сеймчан кентіне баруы тиіс болған. Құтқарушылардың мәліметінше, ұшақ 10 метр биіктіктен құлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА