Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады

Ресейде L-410 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқыс жағдай Иркутск облысының Каза-чинское ауылынан 4 шақырым жерде болған. Әуе көлігінің бортында 14 жолаушы мен 2 экипаж мүшесі отырған екен. Ақпарат көздері 4 адамның опат болғанын хабарлайды. Олардың екеуі пилот және екеуі жолаушы. Жарақат алған 12 жолаушының 11-і ауруханада жатыр. 3-еуі жансақтау бөлімінде. Апат кеше, түнге қарай жергілікті уақыт бойынша сағат 23:15-те болған. Прокуратураның мәліметі бойынша, ұшақ әуежайға қатты екпінмен келіп қонған. Болжамға қарағанда, апатқа қалың тұман немесе қозғалтқышың істен шығуы себеп болды. L 410 — көп-мақсатты қос моторлы ұшақ, Чехославакияның өндірісі. Жоба бойынша шөп-тесін болмаса, қар басқан алаңдарға қона алады. 19 жолаушы отырғызуға немесе 1800 келі жүк артуға болады әрі осы салмақпен мың жарым шақырымға дейін ұша алады. Ұшақтың өндірісі 1969 жылы басталған. 1992 жылы бұрыңғы совет өкіметінің аумағында 750 L 410 ұшағы болған екен. 2012 жылы әлем бойынша 400-і ұшып жүргені анықталған. 2017 жылы Ресейде мұндай ұшақтың тек 33-і қалған болып шықты. 

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш