15 Қаңтар 10:14
...

Ресейде тұрғын үй саудасы бәсеңдеп қалды

Фото:
Былтыр көрші елде несиеге тұрғын үй сатып алу көлемі күрт артқан.

Тек соңғы бір айда банктер 700 миллиард рубль ипотекалық қарыз берген, деп хабарлайды Хабар 24.  

Ал жылдық көрсеткіш 5 триллион рубльге жеткен. Сарапшылар биыл тұрғын үй нарығы тоқырауға ұшырауы мүмкін деп болжайды. Оның үстіне кейінгі кезде өзге елден жылжымайтын мүлік сатып алуға ниетті ресейліктердің қатары көбейген.

Ирина Носова, АКРА агенттігі қаржы институттарының рейтингтік топ директоры:

- Жылжымайтын мүлік бағасы қатты көтерілгендіктен нарық тоқырайды. 2020 жылдың бас кезінде жеңілдетілген бағдарламалар қолға алынып, тұрғын үйге сұраныс тез артты. Салдарынан пандемия басталғалы қолданыста болған жылжымайтын мүлік пен жаңа салынған тұрғын үйлердің бағасы 70 процентке өсті. Бірақ қазір мұндай үрдіс байқалмайды. Сәйкесінше олардың инвестициялық тартымдылығы да азайып барады. 

Зерттеуге қарағанда, Ресейде жылжымайтын мүлік бағасының өткен жылдың сәуір айынан бастап тұралады. Ал азаматтардың шетелде тұрғын үй сатып алуға сұранысы 2 есе артқан. Дерекке сүйенсек, ресейліктердің 75 проценті шет елдерде жылжымайтын мүлікті қоныс аудару үшін алған.

Тегтер: