USD
USD
USD

Ресейде террорлық әрекеттер қайта бас көтерді

Бүгін Мәскеудің аудандық 10 сотының ғимаратын, 25 метро стансасын жарып жіберу туралы анонимді хабарлама түсті. 9 желтоқсан күні Ресей астанасының алты супермаркеті, бірнеше мектебі, екі сот мекемесі мен Христос Құтқарушы храмын жарамыз деген осындай қоқан-лоққыға толы хабарлама алған.

Ресейде террорлық әрекеттер қайта бас көтерді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәл осындай жару туралы қоңырау желтоқсанның басында «Домодедово» аэропортына да шалынған. Бұл ақпараттар расталмаса да, Мәскеу құқық қорғау органдары мен қала тұрғындарының үрейін ұшыруда. Қазір осы қоқан-лоққылардың кешегі сот үкіміне қатысы тексеріліп жатыр.

Кеше, 10 желтоқсан күні Санкт-Петербургте 2017 жылы метрода терракт ұйымдастырушыларға үкім шықты. Жарылыстың негізгі фигуранты – қырғызстандық Аброр Азимов жарылысты ұйымдастырды және қаржыландырды деп айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалған 10 айыпкер 19-28 жылға сотталды. Сондай-ақ, барлық кінәлілерге 500-800 мың сомнан айыппұлдар салынды.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан 103 адам зардап шегіп, 16 адам көз жұмған. Тергеу ісінің анықтауы бойынша, қырғызстандық Акбаржон Джалилов өзін өзі жарып жіберген болатын.

 

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель