USD
USD
USD

Ресейде оқып жатқан шетелдік студенттер вакцина салдыруға міндетті ме?

 Ресей білім және ғылым министрлігі студенттердің коронавирусқа қарсы вакцина салдыруын талап етпейді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ресейде оқып жатқан шетелдік студенттер вакцина салдыруға міндетті ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында ведомство басшысы Валерий Фальков «Эхо Москвы» радиосының эфирінен айтты. «Бүкіл студенттер, оның ішінде шетелдіктер де бар - КВИ вакцинасын салдыруға міндетті емес» деді ол радиоға берген сұхбатында. Министрдің айтуынша, медсақтандыру полисі бар шетелдік студенттер өз қалауымен екпе алам десе, шектеу жоқ. «Олар өз қаражатына вакцина салдыра алады.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарының өзі де қаласа, бюджеттен тыс қаржыға вакцинация ұйымдастырса болады. Біз, білім министрлігі оқу орындарына осындай ұсыныс жасағанбыз», - деп атап өтті Валерий Фальков. Мұның алдында Роспотребнадзор басшысы Анна Попова студенттерді жаңа оқу жылына дейін екпе алуға шақырған еді.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев