USD
USD
USD

Ресейде Навальныйдың серігі Любовь Соболға іздеу жарияланды

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларына сәйкес, қазір түрмеде отырған Кремль сыншысы Алексей Навальныйдың сенімді серіктесі Любовь Соболға Ресейде іздеу жарияланды, деп хабарлайды dw.com сайты.

Ресейде Навальныйдың серігі Любовь Соболға іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Ол Навальныйдың «Жемқорлықпен күрес» (ФБК) қорына қатысы бар басты тұлға болып саналады. Соболь 2019 жылы жергілікті сайлауға наразылық білдіріп, аштық жариялаған. Сол кезден бастап оның танымалдылығы арта түскен.

Кейіннен Мәскеу соты Соболға 2021 жылдың қаңтар айында өткен наразылық акциялары кезінде эпидемиологиялық нормаларды бұзғаны үшін 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, жаппай акцияларға қатысуға, Мәскеу мен облыстан тыс жерлерге шығуға тыйым салған болатын.

Бірақ ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан соң бірнеше күннен кейін Ресейден қашып кетті.

Айта кететіні, Ресейде іздеу жарияланғандар тізімінде «Жемқорлықпен күрес» (ФБК) қорының бұрынғы басшысы Иван Жданов пен Навальныйдың оң қолы саналатын Леонид Волков те бар.

Қазір оқып жатыр

Иран футболшысы ФИФА мен 2026 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастырушыларға шағымданды

Иран футболшылары

Қазақстанда бір тәулікте бес орман өрті тіркелді

өрт

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана