USD
USD
USD

Ресейде Мурманск-Адлер пойызында 87 бала уланып қалды

 Мурманск-Адлер пойызында тағамнан уланып, кейін Кубань ауруханасына түскен балалардың саны 87-ге жетті.

Ресейде Мурманск-Адлер пойызында 87 бала уланып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кубань оперативті штабының мәлімдеуінше, олардың жағдайы жеңіл және орта деңгейде. «Кубань ауруханасында Мурманск-Адлер пойызында уланған 87 бала емделіп жатыр. 8 тамыз күні №1 Туапсин Орталық аудандық ауруханасында ішек инфекциясымен 67 кәмелетке толмаған бала, Апшеронда 12, Белореченск ауруханасында сегіз бала ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер балалардың жағдайын жеңіл және орта дәрежеде деп бағалады», - делінген хабарламада. Барлығы пойызда 246 адам мен 24 оларды алып жүретін қызметкер болған. Қалған балалар Туапсин ауданының сауықтыратын орнына жеткізілді.

Жақында Мурманск-Адлер пойызында Карелиядан келе жатқан 19 бала мен екі қызметкер ішек инфекциясымен Краснодар өңірінің ауруханасына түсті. Балалар вагон мейрамханасында кешкі ас ішкен. Төрт қызметкердің үшеуіне медициналық сынама жасалды, біреуі анализ жасауға қарсылық білдірді. Сондай-ақ тамақ, ауыз су, азық-түлік және дезинфекция құралдарынан сынамалар алынды. Одан кейін ауруханаға түскен балалардың 56-ға көбейгені анықталды. Тергеу комитеті іс қозғады, прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр. Бұдан бұрын Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі балалардың екі ұйымдасқан топқа бөлініп, бірге жүргенін хабарлаған. Улану белгілерімен балаларды пойыздан түсіріп алғаннан кейін басқа жолаушылар пойызда қалды.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев