USD
USD
USD

Ресейде мобилизацияға қарсы митингтер өтіп жатыр

Сібір мен Қиыр Шығыста адамдар ұсталудан қорқып, ұрандар мен плакаттарсыз қалалардың орталық алаңдарына шыға бастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресейде мобилизацияға қарсы митингтер өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Хабаровскіде мобилизацияға қарсы акцияға 12 адам шықты. Олар үнсіз, плакаттарсыз тұр. Олар мұндай жаңалықты күтпегендерін айтады. Пикетшілер қудалаудан қорқып, өз аттарын атаудан бас тартқан.

Якутскіде мобилизациялау туралы хабарланғаннан кейін, 21 қыркүйек күні кешке орталық алаңға бірнеше адам жиналды.

Иркутскіде шамамен 10 адам ұсталды, барлығы орталық алаңға 20-30 адамдай шықты. 30-дан астам адам Томскіде тіркелген. Астана уақытымен 20.00-дегі жағдай бойынша 10 қалада барлығы 60 адам ұсталған.

Бұған дейін Ресейдің "Весна" оппозициялық қозғалысы мен Алексей Навальныйдың жақтастары Ресей азаматтарын мобилизациялауға наразылық білдіруге шақырды, ал интернетте ішінара және толық мобилизациялауға қарсы өтініш пайда болды. Оған қазірдің өзінде 200 мыңнан астам адам қол қойған. 

Мәскеу прокуратурасы митингілерге қатысқаны және ұйымдастырғаны немесе оларға шақырғаны үшін қала тұрғындарына әкімшілік жаза мен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру сияқты қылмыстық жаза қарастырылғанын ескертуде. 

Қазір оқып жатыр

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко

Төрехан Сабырхан 12 жылдан кейін Азиадада Қазақстанға бокстан алтын әкелді

Төрехан Сабырхан

Ертісбаевты еске алғым келмейді – Магеррамов

Магеррам Магеррамов

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов