USD
USD
USD

Ресейде митинг өтіп жатыр

31 қаңтар Ресейдің бірқатар қаласында Алексей Навальныйды қолдау үшін митингілер мен рұқсат етілмеген наразылық акциялары өтіп жатыр.

Ресейде митинг өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Хабаровск пен Владивостокта келісілмеген наразылық акциялары өтті.

Полиция наразылыққа шыққандарды ұстады. Ешқандай ұрыс-керіс немесе қақтығыс болмаған. 

Кеше Самара облысында 23 қаңтардағы келісілмеген митингіден кейін қылмыстық іс жүргізу басталды. Sotavision басылымының журналисі Екатерина Ищенко ұсталды. Артынша ол босатылғаны хабарланды. 

Сондай-ақ, "Новая газета" мен "Дальневосточный ведомости" газетінің журналисі Валерия Федоренко да құрықталған еді. Бірақ ол көп ұзамай босатылды. 

23 қаңтарда Ресейдің қалаларында осындай келісілмеген митингтер болып өтті. Нәтижесінде заңсыз шеруге шыққандар ұсталып, қылмыстық іс қозғалған. 

Оған қоса, бүгін екі ер адам Мәскеудегі Чистые Пруды метро станциясының маңында ұсталды.

Олар полицияға ешқандай қарсылық көрсетпеді. Ер адамдардың бірі жеке заттарын тексергеннен кейін ұсталды. Ұстаулар әлі де жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026