USD
USD
USD

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды

  Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 31 096-ға көбейді, 14 қазаннан бері бұл көрсеткіш бірінші рет 32 мыңнан төмен болып отыр, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салыстырмалы түрде жаңа жағдайлардың өсу үлесі – 0,32%. Атап айтқанда, бір тәулікте Санкт-Петербургте 2 381, Мәскеу облысында 2 208, Краснояр өлкесі мен Самара облысында 781, Воронеж облысында 717 жұқтыру жағдайы тіркелген. Қазіргі кезде 1 016 110 адам ем қабылдап жатыр. Өлім саны бір тәулікте 1 182-ге көбейіп, 283 644-ке жетті. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 1 184 болған. Штаб деректеріне сай, шартты өлім саны (нақты өлім саны эпидемия аяқталғаннан кейін белгілі болады) 2,88%-ға өскен. Сонымен қатар Ресейде коронавирустың алғаш рет «омикрон» штамы анықталды. Оны ОАР-дан келген екі азамат жұқтырған. Барлығы аталған рейспен келген 10 азаматтан коронавирус анықталды, қазіргі кезде олар оқшауланған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев