USD
USD
USD

Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды

Сондай-ақ тәулік ішінде вирус жұқтырғандар саны 26 402-ге жетті.

Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Агенттік таратқан деректерге қарағанда, Ресейде коронавирус жұқтырып, көз жұмғандар саны бір тәулікте 569 адамды құрады. Бұл індет тарағалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Бұның алдындағы тәулікте 368 адам қайтыс болған еді. Қауіпті инфекциядан барлығы 40 464 пациент қайтыс болды, деп хабарлады журналистерге сейсенбі күні коронавируспен күрес жөніндегі федералдық жедел штаб өкілдері. Штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, аурудан қайтыс болу көрсеткіші әзірге 1,74% деңгейінде қалып отыр. Қайтыс болғадардың 30% ауру ең көп тараған Мәскеу (76), Санкт-Петербург (85) және Мәскеу маңындағы аймақтарға (21) тиесілі. Жедел штабтың мәліметтеріне қарағанда, соңғы тәулікте Ростов облысында 25 адам, Краснояр өлкесінде 22 адам, Коми Республикасында 17 адам қайтқан.

Қазір оқып жатыр

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека

Президент Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды

Халық Кеңесі

Қазақстанның сыртқы қарызы 182,8 млрд долларға жетті

Сыртқы қарыз