USD
USD
USD

Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны 900 мыңнан асты

Ресейде бір тәулік ішінде коронавирус 5 102 адамнан анықталып, індетті жұқтырғандардың жалпы саны 902 701-ге жетті.

Ресейде коронавирусқа шалдыққандар саны 900 мыңнан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы сәрсенбі күні тілшілерге жедел штабтан мәлім етті. Штаб мәліметінше, вирусты жұқтырудың бір тәуліктегі өсімі он бірінші күн қатарынан 0,6 пайыздан көтерілмей тұр. Мәселен, Мәскеу қаласында жаңадан 689 оқиға, Свердлов облысында – 167, Санкт-Петербургте – 161, Мәскеу облысында – 152 және Ростов облысында 127 оқиға анықталған. Қазіргі кезде елде 177 143 адам коронавирустан емделіп жатыр. Тәулік ішінде ауруханадан 7 123 адам емделіп шықса, барлығы 710 298 адам індеттен айыққан. Аурудан жазылып шыққандардың үлесі Ресейде коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы санының 78,7 пайызын құрап отыр. Қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны тәулік ішінде 129 адамға көбейген, инфекциядан барлығы 15 260 адам көз жұмды. Ресейде індеттен қайтыс болғандардың үлесі ауру жұқтырған адамдардың жалпы санының 1,69 пайызын құрап отыр.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу