USD
USD
USD

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаны  21,5 млн тұрғын салдырған 

Ресей Президенті Владимир Путин елде 21,5 млн тұрғынның коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жеткізді. 

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаны  21,5 млн тұрғын салдырған 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның пікірінше, бұл өте жақсы нәтиже. Бұл туралы Ресей басшысы дүйсенбі күні журналистер тарапынан қойылған сауалға орай берген жауабында айтты, деп хабарлайды Ресейдің ТАСС агентттігі. Ресей басшысы азаматтарды жеделдетіп, коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға шақырды. Сонымен қатар Владимир Путин вирус жұқтырған жағдайда оның симптомдары біліне бастағанда-ақ дәрігерге қаралуға кеңес берді.

Ресей президенті сонымен қатар өңір басшыларына тестілеу мен вакцинация қарқынын сақтау қажеттігін еске салды. Аталғандармен қоса мамандар дайындаған ережелер мен сарапшылардың кеңсетерін назардан тыс қалдыруға болмайтынын ескертті. «Маска режимі мен мамандардың өзге де талаптарын орындау керек. Сонда ғана біз жетістікке жете аламыз», - деді В.Путин. Пандемия басталғалы Ресейде коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметтері бойынша, 4 888 727 адам КВИ жұқтырып, 4 502 906 адам аурудан жазылған, 113 647 адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер