USD
USD
USD

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді

Ресейдің Сеченов университетінде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді. Зерттеу нәтижесі екпенің қауіпсіз екенін көрсетті.

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина клиникалық сынақтан өткізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ТАСС-қа жексенбі күні Университеттің дәрілерді клиникалық зерттеу орталығының басшысы, бас зерттеуші Елена Смолярчук мәлім етті.

«Зерттеу аяқталды, ол вакцинаның қауіпсіз екенін көрсетіп отыр. Сынаққа ерікті түрде қатысқандар 15 және 20 шілдеде шығарылады», - деді ол.

«Олар университет зертханасынан шығарылғаннан кейін амбулаторлық бақылауда болады», деді Смолярчук.

Сеченов университетінде вакцинаның алғашқы сынақ кезеңі 18 маусымда басталды. Ол кезде 18 еріктіге екпе егілді. 20 адамнан құралған еріктілердің екінші тобына 23 маусымда вакцина салынған еді.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком