USD
USD
USD

Ресейде Конституцияны өзгертуге қадам басталды

23 қаңтарда Мемлекеттік дума президент Владимир Путин ұсынған Конституцияға өзгерістерді алғашқы оқылымда ақ қабылдады.

Ресейде Конституцияны өзгертуге қадам басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің бас заңына енетін өзгерістер туралы заң жобасын екі сағатқа жетер-жетпес уақытта талқылаған 450 депутаттың 432-і қолдап дауыс берген. Заң жобасының келесі талқылауы ақпанның 11-де өтеді.

Конституцияны өзгерту туралы жоспарын В.Путин қаңтардың 15-де өткен Федералды жиналыстағы жолдауында жария еткен еді. 5 күннен соң ол парламенттің қарауына тапсырылды. Депутаттар 3 күн ішінде Конституцияға енгізілетін бақандай 22 баппен танысып үлгеріпті. Кей дерек бойынша Конституцияға өзгерістер енгізу ұсынысы 12 сәуірде бүкілхалықтық талқылауға түспек.

Путиннің ұсыныстарының ішінде президент өкілетінің мерзімін өзгерту, Конституцияға халықаралық заң талаптарының алдында басымдық беру, үкімет құрамын жамақтау тәртібін өзгерту және жаңадан құрылған Мемлекеттік кеңес мәртебесін заңдастыру мен оның құзыретін анағұрлым кеңейту секілді өзгерістер бар.

Сонымен бірге В.Путин президент болуға үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейткісі келеді, мәселен бұрын шетел азаматы болған немесе басқа елде тұру ықтиярхаты болған адамның сайлауға түсуіне тыйым салуды ұсынады.

Путиннің қарсыластары мен оппозициялық күштер Конституцияға енгізуге ұсынылған түзетулерді президент тағынан кеткен соң да билікті сақтап қалуға жасаған әрекеті деп бағалайды.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель