USD
USD
USD

Ресейде Қазақстанның екі азаматы сотталды

Қазақстанның екі азаматы Ресейдің Алтай өлкесінде кеден қызметкеріне пара ұсынғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Ресейде Қазақстанның екі азаматы сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресейдің Алтай өлкесінің аудандық сотында Қазақстанның екі азаматына үкім шығарылды. Олар "лауазымды адамға алдын-ала сөз  байласу арқылы аса ірі көлемде заңсыз әрекеттер жасауына байланысты пара бергені үшін" кінәлі деп танылды.

Сот үкімі бойынша сотталушыларға бір миллион рубль, яғни 5 миллион 630 мың теңге айыппұл салынды. Олардың әрқайсысы осы соманы төлеуі керек.

Іс материалдарына сәйкес, қазақстандықтар ресейлік кеденшіге Моңғолиядан Қазақстанға автокөліктерді Ресей Федерациясының аумағы арқылы тиісті құжаттарсыз өткізгені үшін төрт мың доллар (1,7 млн теңге) көлемінде пара ұсынған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

«Негізі жоқ ақпаратқа қалай пікір білдіремін?»: Ақкенженов Теңіз кен орны туралы

Ерлан Ақкенженов

Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын ірі жобаларды кешіктіргені үшін сынға алды

.

Қазақстан Азия Даму Банкінен 240 млн доллар қарыз алады

Құрылтай отырысы