USD
USD
USD

Ресейде қарттар үйіндегі өрттен 20 адам қаза тауып, жетеуі хабарсыз кетті

Кемеровода Таврическая көшесіндегі екі қабатты қарттар үйі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейде қарттар үйіндегі өрттен 20 адам қаза тауып, жетеуі хабарсыз кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрт салдарынан 4 адам қаза тауып, екі қарт жарақат алған. 

Өрт туралы сигнал Мәскеу уақытымен 22:21-де түскен. Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің шатыры отқа оранған. 

Өрт алаңы 180 шаршы метрді құрады. Өрт туралы хабарлама ТЖМ-не кеш түскендіктен, тілсіз жау біршама өршіп кеткен. 

Өрт сөндіру ісіне 80-нен астам адам, 28 техника жұмылдырылды. 

Кейінірек Ресей ТЖМ өрт салдарынан қаза тапқандар санының төрттен 13 адамға дейін өскенін хабарлады. Соңғы мәлімет бойынша, төтенше жағдайдан 20 адам көз жұмды.

Жеті адамның тағдыры белгісіз. Күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы ауыр. Тағы төртеуі амбулаторлық емдеуге жіберілді. 

Бұл Кемероводағы қарттар үйіндегі алғашқы өрт емес.

8 қаңтарда екі қабатты «Алтын ғасыр» пансионатының бірінші қабатында өрт шықты. 48 адам эвакуацияланып, төртеуі қайтыс болды. 

Өрт сөндіру қызметі Ресейдегі жеке үйлерде көптеген қарттар үйі жұмыс істейтінін айтты.

Олар реестрде тіркелмегендіктен, өрт қауіпсіздігі бойынша тексеруден өткізуге болмайды, ал өрт сөндіру инспекторларының тұрғын үйге кіруіне рұқсат жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза