USD
USD
USD

Ресейде халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық қолға түсті

Ресейдің Ішкі істер министрлігінің Қорған облысы бойынша Қорған қаласының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 31 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ресейде халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыс жасады деп айыпталуда. Анықталғандай, қаскүнем 2018 жылы Астана қаласында бір топ азаматтармен бірлесіп, алдын ала жеткізуші ретінде тендерлерге қатысушы болып, тұлғалардың сеніміне кірген.

Кейін тиісті өнімдерді жеткізуші ретінде келіскен шартты бұзып, аталған өнімдерді заңсыз иемденіп алғаны анықталған. Алаяқтар алдау әрекеттерімен 39 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген.

Оның сыбайластары бұрын қамауға алынған болатын. Аталған факті бойынша қамауға алу бұлтартпау шарасымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта Минск конвенциясына сәйкес, бұл азаматты экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты