USD
USD
USD

Ресейде фейерверктен полиция қызметкері қаза тапты

Ресейдің Рязань облысының Захаровский ауданында отшашу кезінде қаза тапқан ер адам Мәскеудің Шығыс әкімшілік округі бойынша ішкі істер басқармасының Экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері болып шықты.

Ресейде фейерверктен полиция қызметкері қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол жаңа жыл түнінде жанұясымен фейерверк атқан. Отшашуды жағу кезінде жарылыс болып, соның салдарынан полиция қызметкері бас сүйегінен жарақат алып, сол жерде қайтыс болды.

Ол ішкі істер органдарында 2003 жылдан бері жұмыс істеген. Бұған дейін Ресей Федерациясы Рязань облысы бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметі отшашу кезінде жарақат алған 1984 жылы туған ер адамның өліміне қатысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Тергеушілер оқиға орнын қарап, пиротехникалық заттар мен қажетті құжаттарды тәркіледі.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан