USD
USD
USD

Ресейде бір тәулікте 40 мың адамнан коронавирус табылды

  Ресейде коронавирус жұқтырудың расталған жағдайларының саны бір тәулікте 40 251 болды.

Ресейде бір тәулікте 40 мың адамнан коронавирус табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген жаңа максимум. Бұл туралы сенбі күні жаңа инфекциямен күрес жөніндегі федералды жедел штаб мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Салыстырмалы түрде ауруға шалдығушылар санының өсімі 0,48% құрады. Пандемия басталғаннан бері барлығы 8 472 797 адам коронавирус жұқтыран. Қазіргі уақытта емделіп жатқан пациенттер саны пандемия басталғаннан бері алғаш рет 900 000-нан асты.

Штаб мәліметінше, қазір Ресейде 903 993 адам ауырып жатыр. Коронавирустан кейін емделген ресейліктердің саны бір күнде 28 909-ға өсті. Барлығы 7 331 424 адам сауығып шыққан. Ауруханадан шығарылған пациенттердің үлесі ауру жұқтырғандардың жалпы санының 86,5% деңгейінде қалған. Коронавирустан болған өлім жағдайларының саны бір күнде 1 160-қа артқан, аурудан көз жұмғандардың жалпы саны 237 380-ге дейін өсті.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы