USD
USD
USD

Ресейде бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 9,6 мыңға көбейді

Соңғы тәулікте Ресейде коронавирус дертіне шалдыққандар саны 9 623 адамға көбейіп, жалпы саны 124 054 адамға жетті. Осылайша Ресей әлемде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жетінші орынға шықты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Ресейде бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 9,6 мыңға көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирус инфекциясымен күрес жедел штабы сенбі күні журналистерге инфекциядан 15 013 адам сауығып, 1 222 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Жаңа жұқтыру жұма күнгі көрсеткіштен 21,3%-ға артық. Тәулік бойы өсу қарқыны 8,4% болды. Жаңа жұқтырғандардың 4 488-інде (46,6%) аурудың ешқандай белгісі болмаған. Сонымен қатар Мәскеуде 5 358 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркеліп, жалпы инфекция жұқтырғандар саны 62 658-ге жетті.

Сонымен қатар, 82 аймақта инфекцияны жұқтыру фактілері тіркелді. Оның ішінде Мәскеу облысында - 807, Санкт-Петерборда - 323, Нижегород облысында - 320, Мурманскіде 143 және Дағыстанда 109 жағдай анықталды. Бір тәулікте 69 аймақта 1 793 адам емделіп шықты. Оның 608-і Мәскеуде, 98-і Санкт-Петерборда, 66-ы Перм аймағында, 56-сы Дағыстан, 45-і Мәскеу облысында және 45-і Шешен Республикасында. Соңғы тәулікте 57 адам коронавирустан көз жұмды. Ресей Федерациясының 13 аймағында жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 1 мыңнан асты. 

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат