USD
USD
USD

Ресейде белгісіз тікұшақтар мұнай базасына оқ жаудырды

Ресейдің Белгород қаласындағы мұнай базасында өрт шықты. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.

Ресейде белгісіз тікұшақтар мұнай базасына оқ жаудырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Белгород губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеді. Саясаткер әуе соққысына Украина қарулы күштерін айыптады.

"Мұнай базасында Украина қарулы күштері екі тікұшағының әуе соққысы нәтижесінде өрт шықты. Олар Ресей аумағына төмен биіктікте кірген. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазды губернатор Telegram-арнасында.

"Төтенше жағдайлар министрлігі өртті тез арада ауыздықтауға тырысып жатыр. Оқиға орнына барлық төтенше жағдайлар қызметі аттанды, 170-тен астам адам және 50 техника жұмылдырылды. Өртті жою шаралары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарға қауіп жоқ", - деп жазды ол.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент