USD
USD
USD

Ресейде балаларға Путиннің суреті бар және арақ қосылған кәмпит сыйлаған

Ресейдің Омбы қаласында балаларға арналған жаңажылдық тәтті сыйлықтың ішіне РФ президенті В.Путин бейнеленген кәмпит қосқан.

Ресейде балаларға Путиннің суреті бар және арақ қосылған кәмпит сыйлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Тосынсый мұнымен бітпепті, кәмпиттің құрамын оқыған ата-аналар шалқасынан түскен: тәттіге арақ пен чили бұрышы қосылған екен.

Бала түгілі, ересектерді масайрата алатын «тәттінің» суреті «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Ревизорро Омск» тобында жарияланды.

«Міне мынандай шоколадты кереметті балаларға арналған сыйлықтың ішінен таптық. Тәттіні әрине жақсы көремін, бірақ мұны жеуге жүрегің дауаламайды» - дейді суретті жариялаған автор.

Жазбаға пікір қалдырғандар кәмпитті «Тәтті Вовочка» атап кеткен. Ал тағы бір қутілді кәмпитті қалай жеу керектігі туралы лайфхак жазып қалдырған: «Кәмпитті ауызға, Путин бейнеленген қағаз – шелекке".

Ресей президентіне қатысты сыйлықтар төңірегіндегі ыңғайсыз жағдайлар жалғыз бұл емес. Бұған дейін В.Путиннің өзі Эстония президентіне Қырымда дайындалған шарапты сыйлаған еді. Бірақ Эстония президенті сыйдан бас тартып, оны қайтарып берген.

Қазір оқып жатыр

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс