USD
USD
USD

Ресейде балаларға берілетін төлемге өтініш берушілер көбейді

Ресейде Зейнетақы қоры бөлімшелерінде балаларға арналған төлем алуға өтініш берушілер кезегі көбейді.

Ресейде балаларға берілетін төлемге өтініш берушілер көбейді
Фото: NEGE.kz

 "Медуза​ның" жазуынша, Ресейдің көптеген қалаларында ұзын-сонар кезекті байқауға болады. Олар карантин кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтап жатқан жоқ деп хабарлайды.

Алматы, NEGE. "Коммерсанттың" хабарлауынша, арнайы порталда әр минөт сайын екі мыңнан астам адам өтініш қалдырып жатыр. 20 сағат ішінде 2 миллионнан астам адам өтініш берген.

Төлемақы алып беруге көмектесемін деген алаяқтардың да көбейгенін жазады басылым.
11 мамырда Ресей президенті Владимир Путин коронавирус пандемиясына байланысты 3 жастан 15 жасқа дейін балалары бар отбасыларға 10 000 мың рубльден қаржылай көмек берілетінін мәлімдеген.

Билік есебі бойынша, 27 миллион балаға көмек беріледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.