USD
USD
USD

Ресейде Абай Құнанбаевқа арналған көрме өтеді

Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Ресейдің Новосібір, Омбы, Барнаул қалаларында ұлы ақынға арналған көрме өтеді.

Ресейде Абай Құнанбаевқа арналған көрме өтеді
Фото: NEGE.kz

Алдағы уақытта Алматы, Атырау, Қызылорда, Талдықорған және тағы басқа бірнеше шаһарда, сонымен бірге Ресейдің Новосібір, Омбы, Барнаул қалаларында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылмақ. Ресей тұрғындары музей қорын тамашалауға мүмкіндік алады. Бұл жайлы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір мәлімдеді.

«Семей қаласында халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Абайдың таңдамалы шығармаларының 4 тілдегі жинағы, музей туралы альбом-кітап, буклеттер дайындалмақ», - дейді ол.

Айта кетейік, алдағы уақытта Абай музейі экспозициясын жаңғыртуға 250 миллион теңге бөлінеді.

Қазір оқып жатыр

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Жол апаты

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

.

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды

Сәби

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.