USD
USD
USD

Ресейде 8 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды

Ресейде тәулік ішінде COVID-19 жұқтырған 161 адам қайтыс болды, барлығы 8002 адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейде 8 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Соңғы тәулікте 161 қайтыс болған адам тіркелді. Бүкіл кезеңде Ресейде 8002 адам көз жұмды", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Мәскеуде 34 адам, Мәскеу маңында 23 адам, Санкт-Петербургте 21 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте Ресейде коронавирус жұқтырған 7889 адам тіркелді. 10 186 науқас ауруханадан шығарылды.

Бұл туралы елдің індетпен күрес жөніндегі жедел штаб өкілі хабарлады. Бұл ретте вирус жұқтырған 2579 адамда (32,7 пайыз) клиникалық белгілер жоқ. 

Джонс Хопкинс Университетінің статистикасына сәйкес, әлемде COVID-19 жұқтырған 8,6 миллион адам бар, 460 мың адам қайтыс болды, 4,2 миллион сауықты.

Өлім саны ең көп - АҚШ (120 мыңға жуық қаза тапты), одан кейін Бразилия, Ұлыбритания, Италия, Франция, Испания және Мексика.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға