USD
USD
USD

Ресей зымыраны Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйлердің үстіне түсті

Кеше Ресей әскері Днепрде көпқабатты тұрғын үйлердің бірін атқылады

Ресей зымыраны Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйлердің үстіне түсті
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Днепропетровск облысының басшысы Валентин Резниченко мәлімдеді.

Оның айтуынша, шабуылдан 68 адам жараланып, 20 адам қаза болған. Оның 12-сі – бала. Үйінді астынан 38 адам шығарылған. Құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.

Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйге теңіздегі ірі кемелерді жоюға арналған Х-22 ракетасы түскен көрінеді. Ресми Киев мұндай ракетаны әуе шабуылынан қорғайтын жүйе атып түсіре алмайды дейді.

Қазірге Ресей тарапы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме бермеді. Қала мэрі Борис Филатов жағдай бақылауда екенін жеткізді.

Бұған дейін Буча мен Запорожьеде де жарылыс болғаны хабарланды.

Киевтің мәлімдеуінше, кеше Ресей әскері 3 әуе шабуылын және 50 ракета соққысын жасаған.

Қазір оқып жатыр

«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді

Ақ жол

Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин

Ерлан Қарин

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Мәжіліс