Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ресей VS Украина: Келіссөз басталды

Беларусьтің Гомель облысында (Украинамен шекараның маңы – ред.) Ресей мен Украина делегациясы келіссөздерді бастады. БелТА ақпарат агенттігі келіссөздер басталғанға дейін тікелей эфир жүргізген. Тараптар залға кіргеннен-ақ эфир тоқтатылды.

Ресей VS Украина: Келіссөз басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Келіссөзге ресейлік делегацияны Путиннің көмекшісі Владимир Мединский бастап келді. Құрамында қорғаныс вице-министрі, сыртқы істер вице-министрі, дума депутаты және Ресейдің Беларусьтегі елшісі бар.

Ал Украина делегациясына сыртқы істер вице-министрі Николай Точицкий жетекшілік жасайды. Сондай-ақ қорғаныс министі Алексей Резников, В.Зеленскийдің кеңсе жетекшісінің орынбасары М.Подоляк «Слуга народа» фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, халық депутаты Рүстем Умеров және украин делегациясы жетекшісінің орынбасары Андрей Костин бар. 

Беларусь өкілі тараптардың қауіпсіздігіне кепілдік берді. «Бүгінгі келіссөз дағдарысты оңынан шешеді деп үміттенеміз», – деді ол.

Келіссөздер аса ауыр жүретіні айтпаса да түсінікті. Тараптар мәселені бейбіт шеше ала ма, жоқ па, ол да белгісіз. Бұған дейін Зеленский келіссөздің нәтижелі өтетініне сенбейтінін айтқан. Келіссөз әлі жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел